база шаблонов joomla 3.5
Басшылық

Поиск по сайту

Телефон: 8 (7172) 76-82-92   e-mail: crn@kazniisa.kz

 kusainovOS    Құсайынов Олжас Сейтжанұлы

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана филиалы Құрылыстағы нормалау орталығының директоры-өкілі

1987 жылғы 28 қазанда Алматы қаласында туған.

2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша құқықтану бакалавры академиялық деңгейі тағайындала отырып, Қазақ-Американ Университетін тәмамдады (үздік диплом).

2010 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Құрылыс магистрі академиялық деңгейі тағайындала отырып, Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясын тәмамдады (үздік диплом).

2009 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Құрылыс бакалавры академиялық деңгейі тағайындала отырып, Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясын тәмамдады.

Еңбек қызметін 2007 жылы «Neft» БК ЖШС Құрылыс компаниясы Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері/бастығы болып бастады.

2009-2011 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы Су холдингі» МҚК техникалық бөлімінің инженері/орынбасары.

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, қадағалауы, лицензиялау және аттестаттау департаментінің сарапшысы.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау және аттестаттау басқармасының бас сарапшысы.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау және аттестаттау жөніндегі мониторинг және бақылау басқармасының бас сарапшысы.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау және аттестаттау жөніндегі мониторинг және бақылау басқармасының бас сарапшысы.

2017-2020 жылдар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау және аттестаттау жөніндегі мониторинг және бақылау басқармасының басшысы.

2020 жылғы 24 тамыздан бастап «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана филиалы Құрылыстағы нормалау орталығының директоры-өкілі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комиеті Төрағасының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Құрмет грамотасымен, Мемлекеттік сараптамының 30 жылдығына мерейтойлық медальмен, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Құрмет грамоталарымен наградталған.

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

min

"Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ

kazniisa

"Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық орталығы" РУК

rntc

 

"АВС-Н" ҒӨК ЖШҚ компаниясы

 abc

logo